Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 15:00
- 73
Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Қосымша пойыздар қозғалысы:
№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы – 6 рейс.
№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы — 8 рейс.
№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.
Анықтамалық ақпарат 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасы арқылы ұсынылады.




