жұма, 10 сәуір, 2026 17:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Негізгі ҰБТ-ны тапсыруға өтініш қабылдау ертеңнен басталады

Негізгі ҰБТ-ны тапсыруға өтініш қабылдау ертеңнен басталады
Aqorda
11-25 сәуір аралығында негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылданады.

Осы кезеңде талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік беріледі. Олар ең жоғары алған нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өтініш беру мерзімі екі кезеңге бөлінген: 11–16 сәуір аралығында бір рет өтініш тапсыруға болады, ал 17–25 сәуір күндері қалаған жағдайда екінші рет өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.

Тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өткізіледі. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сәйкес, ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы арқылы қабылданады. Талапкерлер тест тапсыратын күнді, уақытты және орынды өздері таңдай алады.

Биыл да ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады: талапкерлер үш міндетті пән мен екі бейіндік пән тапсырады. Емтихан уақыты — 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге қосымша 40 минут беріледі.

Тестілеу кезінде калькуляторды, химиялық элементтердің периодтық жүйесін және тұздардың ерігіштік кестесін қолдануға рұқсат етіледі.

Тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беруге болады. Ал 2026 жылғы ҰБТ толық аяқталған соң, 31 қазанға дейін бейнежазбалар тексеріледі. Егер тыйым салынған заттарды қолдану немесе ережелерді бұзу анықталса, талапкердің нәтижесі жойылады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар