бейсенбі, 12 ақпан, 2026 13:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы негізгі өзгерістер қабылданды

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы негізгі өзгерістер қабылданды
Жамбыл облысының әкімдігі
ҚР ТЖ вице-министрі Ерболат Садырбаевтың айтуынша, былтыр «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Аталған заң өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеуді едәуір күшейтеді.

Ең алдымен, өнеркәсіптік қауіпсіздік Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің қолданылу аясынан шығарылып, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың дербес тәртібі қалыптастырылды. 2026 жылдан бастап тікелей сала ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңымен реттелетін болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Жаңа тетік шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізіледі. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілер мен объектілер жыл сайынғы тексеруге жатады. Оларға өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауға жататын қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ зауыт-өндіруші белгілеген нормативтік қызмет ету мерзімін өтеген қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын объектілер жатады. Сонымен қатар, жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған субъектілер үш жылда бір реттен жиі емес тексеріледі. Осылайша, жаңа тетік бақылау мен қадағалау субъектілері мен объектілерін толық қамтиды, бірақ әлеуетті қауіптілік деңгейі ескеріледі», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ бұған дейін тексеру басталғанға дейін кәсіпкерлік субъектісі 30 күн бұрын міндетті түрде хабардар етілсе, енді хабарлама бір тәулік ішінде жіберіледі. Тексерулер өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген қағидалар негізінде жүргізіледі. Бұл ретте бақылау және қадағалау органдарына жоспарлы тексерулердің нәтижелері бойынша құқық бұзушыларды әкімшілік жауаптылыққа тарту құқығы берілді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар