сейсенбі, 1 сәуір, 2025 22:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқушылар порнографиясы: Түркістандықтар жабық интернет арна арқылы ақша тапқан

Оқушылар порнографиясы: Түркістандықтар жабық интернет арна арқылы ақша тапқан
Фото - ашық дереккөз
Ересектерге арналған контентті Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары көріпті

Түркістан облысының прокуратурасы «Telegram» әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото/бейне материалдарды көруге арналған ақылы арнаны анықтады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған факті бойынша қаулы шығару арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары басталған.

- Осылайша, тексеру барысында «Telegram» желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды. Сайтта барлығы 8012 жазылушы тіркелген. Желі аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары. Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен аталған топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталған.
 

- Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған.  Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 311-б. және 312-б. 1-б. бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Бұдан бөлек, прокуратураның нұсқауымен «Telegram» желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды. Құқыққа қайшы ниет расталған жағдайда мұндай адамдарды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алатын болады,- деп мәлімдеді прокуратура.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар