бейсенбі, 26 ақпан, 2026 11:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қолайсыз ауа райы: бірқатар автожол учаскелері уақытша жабылды

Қолайсыз ауа райы: бірқатар автожол учаскелері уақытша жабылды
istockphoto.com
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қарағанды облысы:

Сарышаған кенті – Жамбыл облысы шекарасы

Жамбыл облысы:

Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы

Жол қозғалысын 2026 жылғы 27 ақпан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

ТЖМ ескертуі

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Мамандар төмендегі ұсыныстарды ескертеді:

дауылды ескертулерді тұрақты түрде қадағалау;

автожолдардың жабылуы туралы ресми хабарламаларды назарға алу;

алыс қашықтыққа сапарға шығудан, әсіресе түнгі уақытта жолға шығудан және жаяу жүруден бас тарту.

Құзырлы органдар жағдай тұрақталғанға дейін тұрғындарды сақ болуға және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар