Олжас Бектенов «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының атқарушы хатшысымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қыркүйек, 2025
- 459
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының атқарушы хатшысы Жером Бомонмен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының атқарушы хатшысы Жером Бомонмен кездесу өткізді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйым төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичпен келіссөздері барысында бұрын белгіленген бағыттар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Активтерді қайтару мен қаржылық барлаудың тиімділігін арттыруды қоса алғанда, кірістерді заңсыз шығаруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен әрекет тетіктері қаралды.
Жером Бомон Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады және серіктестікті дамытуға дайын екенін білдірді.
Олжас Бектенов «Эгмонт» тобының қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі халықаралық платформа ретіндегі маңыздылығын атап өтті және Қазақстанның кірістерді заңсыз шығаруға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарға бейілді екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.






