жұма, 22 қараша, 2024 0:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Оның қатыгездігін көрдім»: Асылымның анасы көршісі жайында тың дерек айтты

«Оның қатыгездігін көрдім»: Асылымның анасы көршісі жайында тың дерек айтты
Коллаж: Inbusiness.kz.
16 жасар көрші қыз қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Түркістан облысында денесі дәретханадан табылған 3 жасар Асылымның анасы болған жайтқа қатысты бірқатар шындықтың бетін ашты, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

AzatNews ақпараттық порталының жазуынша, анасы қызының әжетхана өзі түсіп кеткеніне күмәндаған. 

Тіпті ол қайғылы жағдайдан кейін көрші қыздан сезіктенгенін жасырмаған. 

"Мен сездім. Өйткені ол күні бойы музыка қойып, айқайлап күлетін. Ол қызда қатыгездік көп еді. Менің балаларым көшеде өтіп бара жатқанда ұрып кететін, қыздарым оны көрген кезде үйге кіріп, ол кеткеннен кейін ғана далаға шығатын. Балам әдемі күшік әкелсе, ол күшікті де қапқа салып, ағызып жіберетін. Оның қатыгездігін білдім. Дәлел болмаған соң айта алмадым", - дейді Асылымның анасы. 

Бүгінде ауыл тұрғындары күдікті қыздың отбасы басқа жаққа көшіп кетсін деп талап қойып отыр.

«Ең бастысы қыз мойындады. Тергеу процесі әлі жүріп жатыр. Жақында сот басталады. Сот әділ үкім шығарғанын қалаймыз», - деді ана.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар