
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,43 теңгеге қымбаттады.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 521 — 526 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны — 497 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,46 - 5,61 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 4 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге. Еуро — 521,12.