сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026 14:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оралда тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді

Оралда тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Орал қаласындағы Самал көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы баспалдақ алаңында жеке заттар өртенді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетті. Құтқару жұмыстары барысында баспалдақ маршы арқылы 6 адам, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Тағы 30 тұрғын өз бетінше эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде өрт шағын аумақта сөндірілді.

ТЖМ азаматтарды баспалдақ маршылары мен алаңдарын жанғыш материалдармен, жиһазбен және жеке заттармен толтырмауға шақырады. Бұл эвакуацияға кедергі келтіріп, өрттің таралу қаупін арттырады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар