жұма, 30 қаңтар, 2026 10:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанай облысының тұрғыны үшемнің анасы атанды

Қостанай облысының тұрғыны үшемнің анасы атанды
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Бұл — соңғы үш жылдың ішінде облыста тіркелген алғашқы жағдай, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Анасының жасы — 31-де. Жүктілік табиғи жолмен болған. Қостанай ауданында тұратын Шарапиевтер отбасында бұған дейін үш ұл өсіп келе жатқан болса, бір күнде отбасы бірден үш қызбен толықты.

Жаңа туған сәбилердің екеуінің салмағы — 2600 грамм, біреуінікі — 2300 грамм. Барлығының бойы — 49 сантиметр.

Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ананың да, балалардың да жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Мамандар көпұрықты жүктілік жүктілік кезеңінде де, босану кезінде де жоғары қауіп тобына жататынын, мұндай жағдайда тұрақты медициналық бақылау мен перинаталдық көмектің жоғары деңгейі қажет екенін атап өтті.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар