жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Осы аптада елімізде ауа райы қандай болады

Осы аптада елімізде ауа райы қандай болады
Pixabay.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірлерінде синоптикалық жағдайға Солтүстік антициклон әсер етеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл атмосфералық үрдіс республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райын қамтамасыз етпек.

Дегенмен, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей аймақтарда ауа райы құбылмалы болады. Атап айтқанда, батыста жаңбыр жауса, шығыс пен оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар, ел бойынша желдің күшеюі байқалады. Түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде түнгі ауа температурасы 5–13 градус аязға дейін төмендейді. Ал батыс пен оңтүстік аймақтарда керісінше 5–13 градус жылы болады. Күндізгі уақытта температура 0–10 градус жылы шамасында, батыста 7–17 градус, оңтүстікте 15–25 градус аралығында сақталады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар