сейсенбі, 3 ақпан, 2026 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Полиция азаматтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Полиция азаматтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Алаяқтар telegram-нан кітаптардың үлкен жиынтығы қолжетімді екені жайлы шектеусіз хабарлама жібереді.

Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қалыптастыру мақсатында интернет алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиян файлдарды таратады.

Алаяқтар telegram-нан кітаптардың үлкен жиынтығы қолжетімді екені жайлы шектеусіз хабарлама жібереді.

Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына "арнайы қосымша" деген атаумен вирустық файл жібереді.

Файлды орнатқан кезде алаяқтар құпиясөздер мен қаражат ұрлап, хат алмасуға және фотосуреттерге қол жеткізеді.

Сондай-ақ бұл "тегін кітапхананың" салдары смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалтуға әкеп соғады.

Полиция бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату қауіпті екенін еске салады.

Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғанудың негізгі шаралары.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар