сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 19:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Президент Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылы атқарған қызметі туралы есепті тыңдады.

Дәурен Қосанов:

армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет берді;

 цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, сондай-ақ қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы баяндады;

Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынды.

Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар