Президент Шығыс Қазақстан облысының әкіміне тапсырма берді
- авторМағжан Орынбасар
- 5 наурыз, 2025
- 250

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыс әкімінің баяндамасынан:
жалпы көлемі 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 46 жаңа өндіріс орны іске қосылған;
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 18 нысан салынып, 6 медициналық мекемеге күрделі жөндеу жүргізілген;
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 5 білім ошағы пайдалануға берілген. Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін 7 мектеп бой көтереді;
еңбеккерлерді қолдау мақсатында «Отбасы банкімен» бірлесіп, өңірлік «Шығыс маманы» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы іске қосылған;
өңір тұрғындарын толығымен таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі міндет жыл соңына дейін орындалады. Бұл бағытта құны 14 миллиард теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылады;
алдағы екі жылда өңірге кемінде 1,5 триллион теңге инвестиция тарту, 700 мың шаршы метрден астам тұрғын үй және 28 әлеуметтік нысан салу, сондай-ақ ұзындығы 600 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отыр.
Президент облыс экономикасын әртараптандыру, қайта өңделген өнім экспортын кеңейту және инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу және көлік инфрақұрылымын жақсартуға баса мән беру керек екеніне тоқталды.
Қосымша құн салығынан кімдер босатылатыны белгілі болды
Ұқсас жаңалықтар
Семейде ауысымына 35 тонна өнім шығаратын ет комбинаты салынады
- авторБақытжан Бекболат
- 11 сәуір, 2025
Павлодарда кәсіпкерге шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 сәуір, 2025