Президенттің осы жолғы АҚШ сапары айтарлықтай табысты өтіп жатыр – Ерлан Қарин
- авторБақытжан Бекболат
- 23 қыркүйек, 2025
- 350
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа ресми сапары нәтижелі өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, жуырда Қытайға жасалған сапарда жалпы құны 15 млрд долларды құрайтын 70 келісім рәсімделген болатын. Ал АҚШ-тағы келіссөздер барысында да ірі бизнес өкілдерімен бірқатар маңызды жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
"Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарында құны шамамен 15 млрд долларға тең 70 келісімге қол қойылды. Президенттің осы жолғы АҚШ сапары да айтарлықтай табысты өтіп жатыр. Американың бизнес капитандарымен болашағы зор бірқатар жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Әңгіме Wabtec, PepsiCo, Amazon, Chevron және тағы басқа ірі компаниялар жайында болып отыр. Мәселен, Wabtec компаниясымен құны шамамен 4,2 млрд долларды құрайтын келісім жасалды. Инвестиция тарту бағытында табанды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде", - деп жазды ол.





