Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды
- авторБақытжан Бекболат
- 18 қараша, 2025
- 376
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енгізілді.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Әкімдікке өрт салдарынан қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу тапсырылды. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша шешімдер қабылданатын болады.
Комиссияның жұмысы ерекше бақылауда", - делінген хабарламада.
Никол Пашинян Астанаға ресми сапармен келеді
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалын екі есеге арттырмақ
- авторБақытжан Бекболат
- 24 ақпан, 2026






