
Премьер-Министр Олжас Бектенов үкімет отырысында QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовке ескерту жасады.
Ұлттық компания басшысы есеп бергеннен кейін, Үкімет басшысы оның тек оң нәтижелер туралы ғана айтқанын атап өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Сонда сіздердің жұмыстарыңызда мүлде мәселе жоқ па? Тек жақсы көрсеткіштерді айттыңыз. Мәселелерді ашық айтып, талқылау қажет", – деді Бектенов.
Осыдан кейін Санжар Жаркешов Қашаған газ өңдеу зауытында қиындықтар болғанын мойындады.
"Қашаған газ өңдеу зауытында құрылыс жұмыстары баяу жүрді. Қазір жаңа бас мердігер келген соң, мәселелер толық шешілді. Құрылыс көлемі кеңейтілді. Енді белгіленген мерзімде аяқтаймыз деп отырмыз", – деді Жаркешов.