жұма, 27 желтоқсан, 2024 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Әр баланың жылы үйі болса екен...". Анасын таппай жүрген Жәнібек Астанадағы жетім балаларға сыйлық жасады

"Әр баланың жылы үйі болса екен...". Анасын таппай жүрген Жәнібек Астанадағы жетім балаларға сыйлық жасады
Сурет Жани Савельевтің жеке парақшасынан алынды
Алғыс айту күні Жани Савельев құшақ-құшақ сыйлығын алып, Астанадағы балалар үйіне барған. Бұл туралы Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Бүгінгі жазбасын Алғыс айту күніне арнаған Жәнібек олар қандай болса да кезінде өзі қалған Арқалықтағы жетімдер үйінің тәрбиешілеріне ризашылығын білдірген.

«Менің өмірім Қазақстанның Арқалық қаласындағы Балалар үйінде басталды. Соңғы айларда мен бұрын Балалар үйінде жұмыс істеген кейбір тәрбиешімен танысуға мүмкіндік алдым. Мен оларға өте ризамын», - дейді ол.

Сондықтан, осы мейірімді мерекеде өзі сияқты балаларды қуанту үшін ол Астанадағы балалар үйінде өсіп жатқан бүлдіршіндерге сыйлық алған.

«Кейбір балалардың анасы да, әкесі де жоқ және олар кәмелет жасқа толғанға дейін осы Балалар ауылында, түрлі жастағы балалармен бірге аралас отбасында тұрады екен. Олар сыйлықтарды алып, ашып, көріп жатқанда, жүзіндеріндегі қуанышты байқап, өзім де толқып кеттім», - дейді ол.

Осы ретте Жәнібек жүрек тебірентер тілегін жеткізген.

«Мерекедегі тілегі менің тілегім – әр баланың жақсы, жылы үйде өмір сүргенін қалаймын. Әр баланың әдемі әпкесі мен ағасы болып, жалғызсырамауын тіледім. Әр адамның алдында жарқын болашақ болса екен деп тілеймін», - деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше біз Жәнібекті перзентханада емізіп, ақ сүтін берген ананың табылғанын, алайда, екеуінің анализі екі түрлі болып шыққанын жазған едік.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар