дүйсенбі, 14 қазан, 2024 13:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Әр нәрсенің шегі болуы керек". Адвокаттар алқасының төрағасы Бишімбаевтың соты туралы мәлімдеме жасады

"Әр нәрсенің шегі болуы керек". Адвокаттар алқасының төрағасы Бишімбаевтың соты туралы мәлімдеме жасады
Коллаж: jambylinfo.kz
Жуырда адвокаттар алқасының кеңейтілген отырысы өтпек

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев адвокаттарды азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіндегі әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Ол бұл туралы 18 сәуірде Facebook-те пост жариялады.

"Бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға апарып соғуы мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әр адвокат адвокатураның беделін ойлауға тиіс",- деп жазды Бикебаев.

Бикембаев алдағы күндері республикалық адвокаттар алқасының төралқасы Бишімбаев сотына байланысты мәселелер жөнінде аумақтағы адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өтетінін хабарлаған. Бірақ нақты қай күні екенін айтпады.

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар