Елімізде
«Радикалды діни идеологияға тартылған». Алматыда терроризмді насихаттағандар ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 29 мамыр, 2024
- 435
Қолға түскендердің екеуі де шетел азаматтары
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Деректерге сүйенсек, олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. Күдіктілер Қазақстанға биыл келгенімен, тұрақты жұмыс істемеген.
"Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды",- делінген ресми хабарламада.