жұма, 10 сәуір, 2026 14:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Республикалық батагөйлер байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық батагөйлер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Ауыл» партиясының баспасөз қызметі
Астанада «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Батамен ел көгерер» атты республикалық батагөйлер байқауы қорытындыланып, жеңімпаздары салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Елордадағы Ұлттық музейдің мәжіліс залында өткен марапаттау рәсіміне Мәжіліс депутаттары Ерболат Саурықов, Жигули Дайрабаев, сондай-ақ «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейітжанов қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

​Аталған байқау «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» тәрізді құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының рухани мұрасы – бата беру дәстүрін жаңғырту және жас ұрпақтың бойына тәрбиелік мәні жоғары сөз өнерін сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынға қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының мамандары мен батагөйлер қатысты.

Іс-шара барысында қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары – І орынды иеленген Қонаев қаласының тұрғыны Берік Байлов, ІІ орынды иеленген Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының тұрғыны Жексенбай Алғазин, ІІІ орынды иеленген Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылының тұрғыны Сейтқазы Медетбек қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Ал, арнайы жүлде иегерлері – Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Кәлпе ауылының тұрғыны Алмахан Шәкиеваға, Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Көкжота ауылының тұрғыны Аян Қалымбекке, Астана қаласының тұрғыны Нұрымжан Алдабергеновке демеушілердің сыйлықтары табысталды.

Бұдан бөлек, еліміздің әр түкпіріндегі ауылдардан келген батагөйлерге Астананың рухани-мәдени орталықтарына бір күндік экскурсия ұйымдастырылады.

Салтанатты марапаттаудың көркемдік бөлігінде жыршы-термешілер «Аталар сөзі – асыл мұрамыз» атты концерттік бағдарламасын ұсынып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.

Аталған іс-шара ұлттық руханиятты жаңғыртуға, халықтық дәстүрлерді кеңінен насихаттауға және батагөйлер өнерін дәріптеуге және «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған маңызды мәдени оқиға ретінде ерекшеленді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар