жұма, 22 қараша, 2024 1:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Самат Әбіштің мүлкі тәркіленбей, 8 жылға шартты түрде сотталды

Самат Әбіштің мүлкі тәркіленбей, 8 жылға шартты түрде сотталды
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш. Сурет ҰҚК сайтынан алынды
Бұл туралы «ДАТ» газетінің инсайдерлік ақпарат көзі хабарлаған

26 ақпан күні экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғф бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды. Оның генерал атағы мен мемлекеттік марапаттары алынды. Бірақ меншік-мүлкі тәркіленген жоқ, деп хабарлайды jambylinfo.kz депутат Ермұрат Бәпиге сілтеме жасай отырып.

«Бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмаған. Соған қарағанда, мүдделі біреулер «8 жыл» деген едәуір жазамен қоғамды алдарқатып, ал шындығында Самат Әбішті түрме жазасынан алып қалған. Қаңтар оқиғасына бірден-бір кінәлі күштік құрылымның жоғары дәрежелі лауазымгері осылайша тиісті жазадан құтылды. Әлбетте, бұл «комедияның» басты режиссері Нұрсұлтан Назарбаев екені тайға таңба басқандай аян жағдай», - деп жазады депутат.

Депутат «бұл оқиға әділетті Қазақстан құру бастамасын алға қойған қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың беделіне белгілі бір деңгейде нұқсан келтіріп, халықтың онсыз да төмен билікке деген сеніміне тағы бір үлкен сызат түсіргелі тұр» деген пікірде.

«Жағдай осылай жалғаса берсе, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қайғылы оқиға – Қаңтар қасіретін ұйымдастырған қылмыскерлер түк болмағандай, Самат сияқты сайран салып, тайраң қағып, меншік-мүліктері де тәркіленбей, емін-еркін жүре беретін болса, керісінше, ешнәрсені бүлдірмеген, ешқандай қылмысы жоқ қоғам белсенділері жазықсыз қудаланып, нақты жазаға тартыла беретін болса, онда – жаңа Қазақстанның таңы жақын жылдарда ата қоймайтыны анық», - деп жазады Ермұрат Бәпи.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар