Сарыағаштағы жаңажылдық шыршаны қиратқан жүргізуші жауапқа тартылды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 желтоқсан, 2025
- 227
Түркістан облысында орталық алаңға қойылған жаңажылдық бас шыршаны зақымдаған жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға түнгі сағат 03:00 шамасында болған. Сарыағаш аудандық полиция басқармасына белгісіз автокөліктің мерекелік шыршаны қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалғаны жөнінде хабарлама түскен.
Полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, жүргізушінің жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, ВАЗ-2105 маркалы автокөлікті басқарған жас жүргізуші шыршаны айналып өтпек болғанымен, рөлді игере алмай, соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші бүлінген шыршаны қалпына келтіріп, алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермейтінін мәлімдеді.
Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, оған қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, көлік айыптұрағына қойылды.
Елімізде креативті индустрияны қолдау күшейеді
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






