жұма, 27 наурыз, 2026 20:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сауда-саттықта доллар бағамы сәл өсті

Сауда-саттықта доллар бағамы сәл өсті
Фото - ашық дереккөз
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 482,53 теңгені құрап, 0,63 теңгеге өсті.

2026 жылғы 27 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 482,53 теңгені құрап, 0,63 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 5,92 теңгеге дейін көтерілді (+0,05).

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 69,72 теңгені құрап, 0,09 теңгеге төмендеді.

Айырбас пункттерінде доллар 482,6–484,7 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 555,2–560,4 теңге, рубль – 5,83–5,99 теңге аралығында.

27 наурызда әлемдік мұнай бағасы да өсім көрсетті. ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың маусым айына арналған фьючерстері 1,71%-ға қымбаттап, барреліне 103,63 долларды құрады.

Ал NYMEX алаңында WTI маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстері 1,67%-ға өсіп, барреліне 96,06 доллар болды.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар