жексенбі, 5 мамыр, 2024 4:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Семейде жезөкшелер үйін басқарған әже ұсталды

Семейде жезөкшелер үйін басқарған әже ұсталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады

Полицейлер Семей қаласында жеңіл жүрістілердің жынойнағына жетекшілік еткен 62 жастағы зейнеткерді ұстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz 
Қария Семейдегі моншалардың бірінде «қосымша» қызмет түрін ұсынған. Зейнеткерге әрбір тапсырыс 15-25 мың теңгеге дейін табыс әкеліпті.  

Полицейлер саунадағы 9 «секс-қызметкер» мен сутенерді тұтқындады. Кәсіпкер әже түрмеге тоғытылуы мүмкін.

"Кінәлі қария ҚР ҚК 309 — бабының 1-бөлігі - "жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша сотталып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Қазір ол пробация есебінде, бірақ пробация шарттары бұзылған жағдайда жаза өзгеруі мүмкін",- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар