сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 22:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сен біздің құлымызсың». Нұрлан имам келіндерге ақыл айтты

«Сен біздің құлымызсың». Нұрлан имам келіндерге ақыл айтты
Нұрлан Байжігітұлы. Фото - ашық дереккөзден
Оның пікірінше, көп отбасының келінге «қызметші» ретінде қарайтыны теріс үрдіс

Әлеуметтік желіде кеңінен танымал имамдардың бірі Нұрлан Байжігітұлы отбасылық мәселе жөнінде пікір білдірді, деп жазады jambylinfo.kz.

Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желіде отбасындағы келіннің рөлі жөнінде қойылған оқырманының сұрағына жауап берді. Оның сөзінше, келін үйдегі қызметші емес. Сондықтан отбасындағылардың көңілінен шығуға міндеттелмейді.

 "Келін бәрінің көңіліне қарауы керек" дейді. Сонда, келін жалданған қызметші ма? Ертең қызыңды біреу құл қылып жұмсаса, "сен біздің көңілімізді табу үшін келгенсің" десе не болады?  Меніңше, бұл екі тараптың келісімімен болуы керек. Біз көп нәрсені бұлай шешпейміз. Әйтпесе, әуел бастан «сен біздің құлымыз боласың" деп келісіп алыңыздар. Өйтетін болса, ол ешқашан келмейді ғой.  Жоқ, олай болмайды ғой. Келін сенің көңіліңді табу үшін келіннің көңіліне  де қарау керек шығар,- дейді Нұрлан Байжігітұлы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар