жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте кітапханалар одағының көшпелі отырысы өтті

Шымкентте кітапханалар одағының көшпелі отырысы өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Шымкент қаласында Қазақстан кітапханалар одағының көшпелі отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиын А. Пушкин атындағы орталықтандырылған кітапханада өтіп, «Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбына арналды.

Отырыста кітапхана қызметін заңнамалық тұрғыдан жетілдіру, өңірлердегі озық тәжірибелерді тарату және Шымкентті «оқитын қала» ретінде дамыту мәселелері қаралды. Қатысушылар әлеуметтік зерттеулерді кітапхана жұмысына енгізу, халықаралық ұйымдармен әріптестік орнату және жас мамандарды кәсіби тұрғыда даярлау бағытында пікір алмасты.

Түстен кейінгі секциялық мәжілістерде нақты тақырыптар талқыланды. А. Пушкин атындағы кітапханада құқықтық база, «Оқитын Қазақстан» жобасы мен жергілікті қаламгерлердің шығармаларын насихаттау жолдары сөз болды. Арнайы кітапханада көзі нашар көретін азаматтарға қызмет көрсету ерекшеліктері көтерілсе, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада жасанды интеллект пен экология мәселелері қозғалды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар