сәрсенбі, 29 қаңтар, 2025 4:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Соңғы үш жыл ішінде мемлекеттік қорға шамамен 12 млн га жер қайтарылған

Соңғы үш жыл ішінде мемлекеттік қорға шамамен 12 млн га жер қайтарылған
Фото - ашық дереккөз
Жалпы ауданы 9,4 млн га жерде 4,7 мыңнан астам жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 6,3 млн га аумақтағы бұзушылықтарды жоюға 3,5 мыңға жуық ұйғарым берілген

 Соңғы үш жыл ішінде мемлекеттік қорға шамамен 12 млн га жер қайтарылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Нәтижесінде мемлекеттік қорға 12,1 млн гектар жер қайтарылды, оның ішінде 2022 жылы – 5,4 млн гектар, 2023 жылы – 4,6 млн гектар, 2024 жылы – 2,1 млн гектар», – деді ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – ҚР жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, қайтарылған жерлердің 4,9 млн гектары қайта бөлінді: 1,9 млн гектары жайылым ретінде пайдалануға, 3 млн га жер пайдаланушыларға конкурстық негізде берілген.

«2022 жылдан бастап жер пайдаланушылар 3,7 млн гектар жерді игеруге кірісті», - деді спикер.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар