сейсенбі, 23 желтоқсан, 2025 15:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Соңғы үш жылда Қазақстанда 622 мектеп және 633 емхана салынды

Соңғы үш жылда Қазақстанда 622 мектеп және 633 емхана салынды
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Қазақстан халқының саны жыл сайын шамамен 250 мың адамға артып келеді, өсім орташа есеппен – 1,2%, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол жыл сайын 350 мың бала өмірге келетінін, кейбір жылдары 400 мыңға дейін бала туылатынын атап өтті. Бұл мектеп, балабақша, емхана салуды, педагогтер, дәрігерлер штатын ұлғайтуды қажет етеді. Сонымен бірге мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шығындары да өсуде. 

«Жыл сайынғы қажеттілік шамамен 145 мектеп пен 100 емхананы құрайды. Соңғы үш жылда біз 622 мектеп, жылына орта есеппен 207 мектеп және 633 емхана, жылына орта есеппен 211 емхана салдық», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар