сенбі, 18 мамыр, 2024 15:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Су министрі Нұржан Нұржігітов Ресей су ресурстары федералды агенттігінің басшысымен тұрақты байланыста

Су министрі Нұржан Нұржігітов Ресей су ресурстары федералды агенттігінің басшысымен тұрақты байланыста
фото - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ресей су ресурстары федералды агенттігінің басшысы Дмитрий Кирилловпен телефон арқылы тұрақты байланыста. Тараптар гидротехникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясының аумағында бірқатар трансшекаралық өзендер бойынша су тасқыны ағынының қалыптасуына байланысты ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Росгидрометпен де тәулік бойы гидрологиялық деректер алмасады.

Сондай-ақ, Орынбор және Саратов облыстарының су қызметтерімен тұрақты ақпарат алмасуда.

  • «Ресейлік әріптестерімізбен соңғы деректерді алмасқаннан кейін еліміздегі су қоймаларының су ағынын дәлірек реттеуге мүмкіндігіміз бар, сондай-ақ әкімдіктер мен ТЖД-ны уақтылы хабардар ете аламыз. Ресей Федерациясының су ресурстары федералды агенттігімен тығыз ынтымақтастық табиғаттың тосын мінезіне алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар