Қазақстанның батыс өңірі әлі де қарғын сумен күресіп жатыр. Қазір Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz
ТЖМ хабарлауынша, Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500-ден астам км бөген салынды. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 207 мыңнан астам текше метр су сорылды. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күштері Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді»-деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 7 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 мыңнан астам адам, 2 772 техника, 335 су сору құралы және 249 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 15:05