Елімізде
Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 қазан, 2025
- 327
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл қызметті атқарған Ақан Ақасұлы Рахметуллин лауазымынан босатылды.
Еске сала кетейік, Ержан Ашықбаев бұған дейін төрт жылдан астам уақыт Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарған болатын.
Келесі мақала






