Талаптарды бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, дрондары тәркіленуі мүмкін.
15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осыған байланысты 6-15 мамыр аралығында қала аумағында дрон ұшыруға уақытша шектеу енгізілді.
"Қала аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын уәкілетті органдардың рұқсатынсыз пайдалануға қатаң тыйым салынады", – делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, талаптарды бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, дрондары тәркіленуі мүмкін.




