жұма, 27 ақпан, 2026 11:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Туризмге тартылған инвестиция көлемі 33%-ға артты

Туризмге тартылған инвестиция көлемі 33%-ға артты
Саnva
Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 33%-ға артық.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында туризм саласына тартылған инвестициялар бойынша ресми статистикалық деректерге тоқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2025 жылы аталған салаға 1 трлн 256 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 33%-ға артық.

«Биыл бұл көрсеткішті 1,5 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды. Жобалар бойынша мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда жеке сүйемелдеу шаралары жүзеге асырылады. Қазіргі таңда пулда 328 инвестициялық жоба бар. Осы жобаларды іске асыру туристік салада 10 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар