Қуандық Бишімбаевтың анасы адвокаттардың үстінен шағым түсірді
- авторjambylinfo.kz
- 5 сәуір, 2024
- 1577

Бұл туралы қорғаушылар әлеуметтік желідегі парақшаларына жазған.
Анна Чернованың айтуынша, Альмира Нұрлыбекова адвокаттың үстінен шағымды республикалық адвокаттар алқасына түсірген.
– Менің үстімнен шағым келіп түсті. Ол арызда менің тағы екі заңгер әріптесім бар. Бұл жолы менің жазғаным Бишімбаевтың қорғау тарапына ұнамаған сияқты. Біз айтсақ, әділдігін айттық. Процестің бәрін тікелей эфирден көріп отырмыз, – деп жазды Анна Чернова әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ кеше әлеуметтік желіде адвокат Джохар Өтебеков өз атына Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова шағым түсіргенін, арыз жазуға Бишімбаевтың адвокаттарының сұрақтарын сынға алғаны себеп болғанын жазған еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
«Әулиебастаудың» тағдыры не болмақ
Ұқсас жаңалықтар
Су инфрақұрылымын жаңғырту: 2026 жылы 103 каналға реконструкция жасалады
- авторБақытжан Бекболат
- 18 қыркүйек, 2025
686 млн теңге салықтан жалтару: қылмыстық топ мүшелері түрмеге тоғытылды
- авторБақытжан Бекболат
- 18 қыркүйек, 2025