сейсенбі, 26 қараша, 2024 11:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма?

Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма?
ашық дереккөзі
Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма?
Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма? Бұл сауалға ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді. "Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса алады. Егер студент ғимаратқа Ashyq арқылы кіретін болса, онда ПТР анықтама талап етудің қажеті жоқ. Олар "көк" немесе "жасыл" мәртебемен кіреді. Яғни ол "жасыл" түсті болса вакцина алған немесе таяуда ПТР тест тапсырған деген сөз", – деді комитет төрағасы. Оның атап өтуінше, сабаққа ПТР тестінің оң нәтижесі бар студенттер және коронавируспен ауырғандармен байланыста болғандар жіберілмейді. "Бірақ мынаны ерекше атап өткім келеді. Егер, жоғары оқу орындары немесе колледж студенттерінің арасында коронвируспен ауырған адам анықталатын болса, онда онымен байланыста болған, вакцина алмаған студенттер бірінші кезекте 14 күндік карантинге жіберіледі", – деді Айжан Есмағамбетова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар