Елімізде
Вакцина алмаған студенттер онлайн оқиды – Денсаулық сақтау министрлігі
- авторjambylinfo.kz
- 12 тамыз, 2021
- 179
Вакцина алмаған студенттер онлайн оқиды – Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері (18 жастан асқан) коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде айтылды.
Жаңа оқу жылы қарсаңындағы ұйымдастыру іс-шараларының ішінде: педагогтарды, қызметкерлерді, 18 жастан асқан студенттерді 100% вакцинациялау (медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды не соңғы үш ай ішінде ауырып қалғандарды қоспағанда), сондай-ақ барлығына, оның ішінде білім алушыларға қатысты Ashyq қосымшасын пайдалану бар. "ЖОО мен колледждердің дәстүрлі оқыту форматына көшуі кезінде вакцинацияланбаған студенттерді онлайн оқытуға көшіруді қамтамасыз ету қажет", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Оқу орындарына, кітапханаларға және жатақханаларға кірген кезде міндетті түрде Ashyq қосымшасын пайдалану қажет екені де айтылды ведомствода.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Астана мен Сербия арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2024