XXV қысқы Олимпиада ойындарына болжам бойынша Қазақстанның атынан 35 спортшы қатысады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 12:48
- 27
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан қанша спортшы қатыса алатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның сөзінше болжамға сәйкес, ұлттық команданың құрамында 35-ке жуық спортшы болады деп күтілуде. 2022 жылы Пекинде өткен қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 34 спортшы қорғаған.
«Қазіргі уақытта Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан 2 жеке ресми Олимпиада лицензиялары бар. Сонымен қатар, спортшыларымыз шорт-тректен 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алды, — деді Ербол Мырзабосынов.
Министр елімізде қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі дамып келе жатқанын атап өтті. Олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және олимпиадалық резервті дайындау мақсатында спорттық инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде елімізде қысқы спорт түрлеріне арналған 1262 спорт нысаны бар.
Құрылған инфрақұрылым қысқы спорт түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және олардың кеңінен дамуына ықпал етеді.




