жұма, 24 қаңтар, 2025 23:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ұзақ мерзімге сотталды». Еліміздің бірнеше облысында «блогерлер» ұсталды

«Ұзақ мерзімге сотталды». Еліміздің бірнеше облысында «блогерлер» ұсталды
Видеодан скриншот
Олар мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлерге қоқан лоққы көрсетіп, бопсалаған

Ішкі істер министрлігі "заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету аясында қоғамдық қызметтің атын жамылып, өздерінің арам пиғылдарын көздейтін "блогерлерді" әшкерелеу бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Polisia.kz. мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері осындай 20-дан астам фактіні анықтап, жолын кесті.

- Көлік полициясының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына теміржол компаниясының қызметкерлері шағымданған. Оларға қоқан-лоққы көрсетіліп, жүйелі түрде бопсалауға ұшыраған. Өзін "блогер" ретінде көрсеткен күдікті жолсеріктердің әртүрлі бұзушылықтарын олардан ақша бопсалау мақсатында түсіріп отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 48 млн теңгеден асты. Ол бопсалаудың 60 эпизоды бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жетісу облысында жедел уәкілдер құрылыс саласындағы кәсіпкерден 10 млн теңге талап еткен "блогерді" ұстады. Ол тұрғын үй құрылысындағы құқық бұзушылықтар туралы жарияланымдармен қорқытқан. Алматы қаласында сотталған адамнан 10 млн теңге бопсалады деп күдіктелген "блогерлер" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан бұрын супермаркеттер желісіндегі бұзушылықтарды түсіріп, 27 млн теңге бопсалаған "блогер" құрықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 Осыған ұқсас жағдайлар Атырау, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды. Барлық күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысында "блогерлер" қаралайтын мәліметтерді жариялау туралы қоқан-лоққы жасай отырып, оқу орындарының басшыларынан үлкен көлемде ақша бопсалаған.

Сот оларға 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ІІМ бопсалау жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар