сәрсенбі, 18 желтоқсан, 2024 22:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жұмыс істейтін кедейлер»: Асхат Аймағанбетов Үкімет сағатында маңызды мәселені айтты

«Жұмыс істейтін кедейлер»: Асхат Аймағанбетов Үкімет сағатында маңызды мәселені айтты
фото - ашық дереккөзден
Депутаттың айтуынша, бұған дейін еңбек нарығына жыл сайын 200 мың адам келетін

Қазақстанда толық жұмыс күні еңбек етсе де, жалақысы кедейлік шегінен аса алмайтындар бар. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

  • «Әлеуметтанушылардың айтуынша, Қазақстанда «жұмыс істейтін кедейлер» феномені белең алып жатыр. Ол дегеніміз – толық жұмыс күні еңбек етсе де, жалақысы кедейлік шегінен аса алмайтын адамдар. Әсіресе, бұл мемлекеттік секторға қатысты – кітапханашылар, бухгалтерлер, техникалық қызметкерлер және тағы басқалары толық жұмыс күні істеп, алатын жалақысы бойынша кедейлік шегінде тұр. Бұл да өте қауіпті жағдай болып тұр», - деді А. Аймағамбетов Мәжілісте «Қазақстанның еңбек нарығын дамыту және кадрлық әлеуетін нығайту» атты Үкімет сағатында.

Депутаттың айтуынша, бұған дейін еңбек нарығына жыл сайын 200 мың адам келетін. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 250 мыңға жетіп қалды.

  • «Бес жылдан кейін бұл цифрлар 350 мыңға дейін барады деген болжам бар. Осылайша 2030 жылға қарай еңбек нарығына үлкен қысым жасалады. Ол неге байланысты? Әрине, біріншіден, бұл демография, яғни baby boomer-лердің әсері. Екіншіден, өмір сүру ұзақтығының артуы. Оған қоса, 2031 жылға қарай әйелдердің зейнетке шығу жасы 63 жасқа ұзаруына байланысты еңбек нарығында 50 мыңға жуық адамның қалуы және автоматизацияның қарқынды дамуы да бар. Бұл фактордың барлығы еңбек нарығына айтарықтай әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын қажет етеді. Ал Қазақстандағы еңбек нарығының сыйымдылығы өте шектеулі», - деді А. Аймағамбетов.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар