Жаңбыр мен үсік: Бүгін елімізде ауа-райы қандай болады
- авторjambylinfo.kz
- 28 қыркүйек, 2024
- 157
Қазгидромет синоптиктері 28 қыркүйек, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз, салқын ауа-райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерінің таулы аудандарында атмосфералық фронттарға байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. ҚР бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктері аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Жетісу облысының сотүстігінде, орталығында 2-3 градус үсік күтіледі, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытауоблысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылордаоблысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанайоблысының оңтүстігінде, орталығында, Абайоблысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаіпі сақталады, Маңғыстауоблысының шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытауоблыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз