жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда бір топ адам жұрттың көзінше қыз алып қашқан: полиция мәлімдеме жасады

Жамбылда бір топ адам жұрттың көзінше қыз алып қашқан: полиция мәлімдеме жасады
Pixabay.com
Оқиға сәті әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан анық көрінеді.

Жамбыл облысында бірнеше ер адамнан құралған топ қызды көпшіліктің көзінше көлікке күштеп отырғызып, алып қашқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Полицияның мәліметінше, қыз біраз уақыттан кейін босатылған және ешқандай жарақат алмаған. Дегенмен, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы — «Адам ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық полиция департаменті бұл жағдай әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде анықталғанын мәлімдеді.

— Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, тергеуге алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы — «Адам ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараптардың бұрыннан таныс болғаны және өзара шағымдары жоқ екені анықталды, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға тұрмыс құру мақсатында жасалған «алып қашу» әрекетіне байланысты болуы мүмкін.

Айта кетейік, биыл «Адам ұрлау» бабына қатысты жаза күшейтілген. Енді мұндай қылмыс жасағандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар