бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 22:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жасалмаған жұмысқа қаржы бөлген». Ақсу қаласындағы шенеунік мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жұмысынан қуылмақ

«Жасалмаған жұмысқа қаржы бөлген». Ақсу қаласындағы шенеунік мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жұмысынан қуылмақ
Фото: alm.kgd.gov.kz
Мемлекетке жалпы шығынның 60 миллион теңгесі қайтарылды

Ақсу қаласында прокурорлар «Ауыл - Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс бөлімі салынып жатқан объектілер үшін шамамен 500 млн теңгені негізсіз аударғанын анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Деректерге сүйенсек,  тапсырыс беруші 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жүзеге асыратын мердігерлерге орындалмаған жұмыс түрлері үшін  алдын ала төлем жасаған. Бірақ,  құрылыс-монтаждау жұмыстары пайдалануға беру кестесінен 5 айға кешіккен. 

"Қадағалау актісі бойынша Ақсу қаласының әкімдігі артық төленген бюджет қаражатын қайтару бойынша наразылық талап қою жұмыстарын жүргізіде, бүгінгі күнге мемлекетке 60 млн теңге қайтарылды. Жол берілген бұзушылықтар үшін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары тәртіптік жазаға тартылды, ал құрылыс бөлімінің басшысы Әдеп жөніндегі кеңеспен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығаруға ұсынылды",- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар