Елімізде
Жазға дейін 21 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 15:42
- 36
Көктемгі әскери науқан 17 наурыздан басталды.
Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігі ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
30 маусымға дейін 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азаматты әскер қатарына алу жоспарланып отыр. Олар Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдарға бөлінеді:
11 мыңнан астамы – Қарулы күштерге;
7 мыңнан астамы – ІІМ Ұлттық ұланына;
шамамен 2 мың адам – ҰҚК Шекара қызметіне;
400-ге жуық азамат – Төтенше жағдайлар министрлігіне;
300 адам – Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі.
Келесі мақала




