дүйсенбі, 19 қаңтар, 2026 12:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейеді

Жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейеді
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді.

Бұл туралы Алматы қаласындағы жеке мектептердің құрылтайшылары мен директорларының қатысуымен өткен кездесуде ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұдан былай елімізде жеке мектептер тек нақты қажеттілік туындап отырған өңірлерде ғана ашылады. Лицензия тек үшауысымды мектептерді, апатты жағдайда тұрған білім ордаларын алмастыру мақсатында мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерге ғана беріледі.

Сонымен қатар, жеке мектептер құрылтайшыларының жауапкершілігі де заң аясында жетілдіріледі. Олар мектептердегі білім сапасы, ұстаздардың біліктілігі және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік алады. Қазіргі таңда құрылтайшылардың ғана емес, мектеп директорларын тағайындау тәртібін де өзгерту жоспарланып отыр. Енді мектеп директорларын бұрынғыдай құрылтайшылар таңдамайды. Шешім қабылдау кезінде салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімі ескеріледі.

Қазіргі таңда еліміздегі 785 жеке мектептің құжаттары цифрландырылды, жалпы лицензиясы бар 890 жеке мектеп бар. Үкімет жаңадан ашылатын жеке мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру ісіне мораторий жариялауды жоспарлауда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар