жұма, 27 наурыз, 2026 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жер сағаты» акциясы: елде жарық бір сағатқа өшіріледі

«Жер сағаты» акциясы: елде жарық бір сағатқа өшіріледі
istockphoto.com
Акция сенбі күні 20:30-дан 21:30-ға дейін жалғасады.

28 наурыз күні әлем бойынша дәстүрлі «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстан да бұл бастамаға қатысып, табиғатты қорғауға бағытталған ғаламдық қозғалысқа үлес қосады.

Акция сенбі күні 20:30-дан 21:30-ға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында қатысушылар жарық пен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіреді.

«Жер сағаты» — WWF ұйымдастыратын жыл сайынғы халықаралық шара. Оның басты мақсаты — климаттың өзгеруі мен экологиялық мәселелерге қоғам назарын аудару. Алғаш рет бұл бастама 2007 жылы өткізілсе, бір жылдан кейін-ақ кең ауқымда қолдау тапты. 2009 жылы акция адамзат тарихындағы ең ауқымды экологиялық шаралардың біріне айналып, WWF деректеріне сәйкес, оған әлем бойынша бір миллиардтан астам адам қатысқан.

Дәстүр бойынша, осы уақытта әлемнің әр түкпіріндегі ірі қалаларда әкімшілік ғимараттар мен кеңселер ғана емес, әйгілі сәулет ескерткіштері мен символдық нысандардың да жарығы сөндіріледі. Мұндай қадам энергияны үнемдеудің маңызын көрсетіп қана қоймай, адамдарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар