жұма, 26 желтоқсан, 2025 13:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жоғары білімді педагог кадрларды даярлауға 65 мыңға жуық грант бөлінді

Жоғары білімді педагог кадрларды даярлауға 65 мыңға жуық грант бөлінді
Ortcom.kz
Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді

Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның ішінде, 8 мыңнан астам орта білім беру ұйымында 415 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Сапалық құрамы бойынша педагогтердің 85%-ы жоғары білімді, 9%-ы – жоғары білімнен кейінгі, 6%-ы – техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар.

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді.

Оның айтуынша, педагогтердің саны мен сапалық құрамын арттыру, жас мамандарды тарту мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жүйелі шаралар қабылданып жатыр.

«Соңғы төрт жылда жоғары білімді педагог кадрларды даярлауға 65 мыңға жуық грант бөлінген. Педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің шәкіртақысы 58 мыңнан 84 мың теңгеге дейін көтерілді. Оған қоса, соңғы жылдары педагогика мамандығына «Алтын белгі» иегерлерінің көптеп түсуі байқалады. 2023 жылы – 1528, 2024 жылы – 1797, 2025 жылы 2080 «Алтын белгі» иегері педагогика мамандығын таңдаған. Бұл мұғалімдікке келуші жастардың сапалық құрамының артып келе жатқанын көрсетеді», - деді спикер баспасөз конференциясында.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар