дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жыл басынан бері Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге қайтарылды

Жыл басынан бері Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге қайтарылды
Фото - ашық дереккөзден
Елге қайтарылған жалпы актив көлемі 312 млрд теңге

Бас прокуратура жыл басынан бері елге қайтарылған актив көлемін мәлімдеді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Прокуратураның дерегінше, жыл басынан бері активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрд теңге қайтарылған. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленген.
Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 млн адамның құқықтары қалпына келтірілген. Бюджетке 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталды.
Криминогендік жағдай бойынша қылмыс 8%- ке төмендеген. Тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз ету шеңберінде прокурорлар 800-ден астам азаматты қылмыстық ортаға негізсіз тартудың жолын кесті.
Конституциялық құқықтардың бұзылуы үш еседен астам төмендеді. Прокурорлардың наразылықтары мен өтініштері бойынша 34 сотталушының жағдайы жақсарды, 2 адам ақталды. 708 заңсыз ұсталған адам босатылды.
Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істер бойынша  тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберді.
Конституциялық Сотта 10 іс жүргізу бойынша құқықтық қорытындылар берілді. Конституциялық Сот Бас Прокурордың 2 жолданымы бойынша оң шешімдер шығарды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар