дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жылойда су тасқыны басталғаннан бері 42 сәби дүниеге келген

Жылойда су тасқыны басталғаннан бері 42 сәби дүниеге келген
Фото: Pixabay
Қазір аймақта 1073 жүкті әйел тұр есепте тұр

Атырау облысының Құлсары қаласын 5 сәуірде тасқын су басқан еді. Содан бері Жылыой ауданында 42 сәбиді дүниеге келген, деп хабарлайды jambylinfo.kz «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахмановтың айтуынша, нәрестелердің арасында 20 ұл, 22 қыз бар.

«Су тасқынына байланысты сәбилердің кейбірі Атырау қаласында, Маңғыстау облысында дүниеге келді. Ал егіз нәрестенің анасы Құлсары қаласында босанды. Біздің аурухана 18 сәуірде науқастарды қабылдай бастады. Қазір ауруханада 8 жас ана сәбиімен жатыр. Нәрестелердің де, аналарының да жағдайы қалыпты», - деді Асулан Абдрахманов.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар