сәрсенбі, 14 қаңтар, 2026 13:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Жылу желісіндегі апат": Теміртауда 40-қа жуық көпқабатты үй жылусыз қалды

"Жылу желісіндегі апат": Теміртауда 40-қа жуық көпқабатты үй жылусыз қалды
Фото: freepik.com
Кеше кешкі уақытта 8-ші және Отрадное шағын аудандарын жылумен қамтамасыз ететін магистральдық жылу желісінде апат болды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Аяз кезінде Теміртауда магистральдық жылу құбырының зақымдануынан екі шағынаудандағы үйлер жылусыз қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Құбырдың жарылуынан шамамен 40 көпқабатты тұрғын үй, бірнеше жеке тұрғын үй, сондай-ақ бизнес және әлеуметтік нысандар жылусыз қалған. Оқиға дауылды күні болды, сол уақытта өңірде ауа температурасы –30 градусқа дейін төмендеген. 

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің айтуынша, зақым тозығы жеткен, 1970 жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген құбыр учаскесінде анықталды. Қалпына келтіру жұмыстарына мамандар мен апаттық-қалпына келтіру бригадалары жұмылдырылды. Барлық қажетті техника мен күштер қолданылып, ақауларды жою жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Әкімдік жұмыстардың барысы туралы қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгін сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақау толық жойылған. Қазіргі уақытта жүйені толтыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлерге жылу беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар